Талғар маңында марқұм Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады. Алғашқы деректер бойынша, ол өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Марқұм 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұраған.
Алайда қоғам оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Көпшілік мәжбүрлеп жазғызған деген пікірде. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.