Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетінің студентіне "Отан" партиясының арнаулы шәкіртақысы тағайындалды

Ә.Ержанова аталмыш партияның мүшесі әрі оқу озаты. Студент жастар арасындағы "Жас толқын" атты Атырауда өткен үшінші республикалық фестивальде Әсия "Халық әндерін орындау" жөніндегі номинация бойынша жеңімпаз атанып Атырау облысы әкімінің сыйлығына ие болған.

Ал "Отан" партиясының атаулы шәкіртақысын Ә.Ержанова бүтін оқу жылы барысында алып тұратын болады.