Имамның видеосы әлеуметтік желіде желдей есіді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ана деген бүкіл болмысын көрген түйгенін баласына арнайтын адам. Ондайды "ана" деп айтады. Шеше деген - балаларын тастап кеткен, балаларына қарамаған әйел кісі. Балалары қалай болмасын өскен, ұрыс-керіс болған кезде ажырасып кете салған адам. Анаңның пәленшесі деген боқтық сөз жоқ, шешеңнің деген боқтық сөз бар. Шеше деген баласына еңбегі сіңбеген кісі екен. Сондықтан әйел адамның миссиясы шеше болу емес, ана болу. Ана деген өзінің бала-шағасы үшін бәріне дайын болу керек", - деді Қабылбек Әліпбайұлы.
Loading...