Шешеден боқтаған: Прокурордың әйелімін деген дөрекі келіншек жаға ұстатты (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы аталған бейнежазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады» деген сипатта бейнежазба тарап жатыр. Бұл - шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты жөні - Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты - орыс. Таралған видеодағы басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қаралатынын назарға саламыз», - деп жазылған Қызылорда облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.