Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Шошқа етін жеуден бас тартқаннан кейін ұлты шешен азаматтарын соққыға жыққан көрінеді.
"Бұл жағдай Шешен Республикасының Басшысының Орынбасары Адам Делимхановқа жетті. Ол түрменің басшысына хабарласып, бассыздықты доғаруды сұрады. Алайда түрме басшысы оны тыңдамады. Ақыры шешендер қандастарын қорғау үшін келіп, түрме қызметкерлердің аяқ-қолдарын сындырып жазалады", делінген жазбада.
Оқиғаның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Бірақ видеода бет-жүзі көрінбейтін адамның жігіттерге тиіспей-ақ қойшы деп неше рет айттым саған, неге қорлайсың деп, форма киген бірнеше адамды ұрып соққанын, артынан шешіндіргенін көруге болады.
Әзірге аталмыш видео жайлы ресми түсініктеме жоқ.