"Шешесі сүйреп жүрген шығар деп бәрі айтады": Роза Рымбаева медальдан бас тартқан ұлы Әли Оқаповты әбден мақтап, оның бұл атаққа лайық екенін кесіп айтты

Ол бұл награданың өз өмірлеріне еш әсер ептейтінін кесіп айтты, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы. 

Роза Рымбаева бұл ойын Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеді. 

«Халықтың қарсы болып жатқанын тек үшінші күні білдім, басында тек ұлыма орден берілгенін естідім, шыны керек таң қалдым. Мен желіде көп отыра бермеймін, ондағы пікірлерді де көп оқымаппын. Сол күндері мен жұмыс істеп, қолым тимеді шыны керек, тек осы оқиғалар басталғалы бері, тек үшінші күні ғана естіген шығармын. Бәрінен бұрын Мәдиге қиын болды, ол өзі үшін емес, ағасы үшін қатты қиналды. Мама, олар оны сындырып жіберді, видеодағы түрін көрдің бе? Сағын сындырып жіберді деп қатты уайымдады. Одан кейін мен не істерімді білмедім. Сол күні түнімен ұйықтай алмадым, не жыларымды, не күлерімді білмедім. Жылайын десем, әлсіздігімді балаларыма көрсеткім келмеді.

Егер мен осылай жылайтын болсам, олардың жайы не болмақ деп өз-өзімді қолға алдым. Мәди айтады, мені да жамандады бәрі деп. Бүкіл пікірлерді оқымағаным жақсы болды. Айтайын дегенім, бұл орден, награда болсын, біздің өмірімізді, өмірлік принциптерімізді, кәсібилігімізді еш өзгертпейді. Себебі менің өнерде жүргеніме 50 жылдай уақыт өтіпті, себебі мен шығармашылық адамымын және сонымен ғана айналысамын, мансаппен емес. Балаларым да дәл солай, бірінші сыныптан бастап музыкалық мектепте білім алды. Олар 18 жыл бойы оқыды, менің балаларымда нағыз, кәсіби музыкалық білім бар. Осы тұрғысынан менің жаным тыныш, олар педагог болып та, оркестр құрамында да жұмыс істей алады. Әлидің әкесінің жолын қуып, дирижерлікке барғанын қалаған едім, бірақ мүмкін кейін уақыт өте келе ол өзі де сол салаға бет бұрар.

Тағы да қайталап айтамын, осы медаль, наградамен біз керемет байып немесе миллионер болып кетпейміз. Немесе той мен концерттен қолы босамайтын керемет өнер иесі де болып кетпейміз. Жоқ, біз қалай өз саламызда жұмыс істеп келдік, солай жұмыс істей береміз де. Сосын менің балаларымның сахнаға бірінші шығуынан бастап-ақ халықтың оларға деген көзқарасы осындай болды. Оларда «әрине, Роза Рымбаеваның балалары ғой, шешесі сүйреп жүрген шығар» деген ой болды үнемі. Қайта олардың менен қарағанда білімдері көп бұл салады, себебі мен мамандығым бойынша кино және театр актерімін. Сосын көбі Әлидің музыка өнеріндегі жетістіктері жайлы біле бермейді, сенсеңіздер оның бөлмесінің бәрі медальмен толып тұр. Оның бәрін біз жария ете бермейміз... Оны кәсіби өнер иелерінің бәрі біледі, сол медальмен байып кетпедік, бұған дейін қалай өмір сүрдік, солай жүре береміз.

Тіпті Жана Дұғалова Түркияда бас жүлдені жеңіп алғанда, Әлидің оранжировкасымен жеңіске жеткенін, бұл олардың ортақ жеңісі екенін атап өтті, мен оған сол сөзі үшін қатты риза болдым... Міне мәдениет министрлігі Әлидің осы еңбегін,қазақ эстрада өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін, сол награданы берген болу керек. Яғни ол о бастан тізімде болған, сол тізімдегі жас өнер иелерін көріп, министрлік осындай шешімге келген шығар. Сондықтан ол бірден гений болып кеткен жоқ, біріншіден ол үшін бұл үлкен жетістік және оны ол бұл награда ынталандырушы еді. Бұл бар болғаны медаль, оған пәтер немесе ақшалай сыйлық беріп жатқан жоқ. Бір-екі рет тіпті оған: "Бірер той әндерін жазасың ба? халық тыңдайтын болады" деп ақырындап көріп едім, ол "жоқ, мама, мен сол үшін оқымадым" деп кесіп жауап берді », - деп ағынан жарылды халық әншісі.