Шет елде тентіреп қалған қажылардың жартысы әлі елге орала алмай жатыр

Өткен жұмадан бері әуежайда жатқан отандастарымыз не ыстық тамақ, не жатын орынмен қамтамасыз етілмепті. Еліміздің туристік агенттіктер қауымдастығының мәлімдеуінше, «Flynas» әуе компаниясы Сауд Арабиясының ұлттық тасымалдаушысы емес. Сондықтан Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасымен осындай мәмілеге қалай келгені белгісіз дейді. Айта кетерлігі, Жидда мен Медине қалаларында шамамен 2 жарым мың қазақстандық қалып қойған. Оларды отанына жеткізу үшін қазір 280 орындық бір ғана ұшақ жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мұсылмандық парызын орындауға кеткен жерлестеріміздің барлығы шамамен 10 күннен соң толық оралып бітеді.

Әсел Нұркебаева, ҚР туристік агенттіктер қауымдастығының президенті:

Әуежайда шу шықпау үшін қажылыққа кеткен адамдар қонақ үйден шығарылмай отыр. Оның шығыны туропретордың мойнына ілінген. Бірақ талап бойынша бұл тасымалдаушының кінәсінен болған. «Flynas»-тың тек бір ұшағы бар. Егер ол істен шықса еліміздің құтқару қызметіне тиесілі әуе кемесі жіберіледі. Бұған, әрине, мемлекет қаржысы жұмсалады. 

Loading...