Үкімет басшысы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жаңа тетіктер әзірлеу арқылы елімізге шетел инвестициясын тарту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін ерекше тапсырды.
«Біз шетелдік инвесторлардың елімізді таңдауда еш күдігі болмайтындай жағдай жасауымыз қажет. Бұл, әсіресе, Қазақстан белсенді қатысатын ықпалдастық үдерістер, сондай-ақ алдағы уақытта кіретін ДСҰ аясында аса маңызды», - деді ол.
Сондай-ақ С.Ахметов шетелдік капитал ағынын арттыру үшін инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу керектігіне ерекше назар аударды.