Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы - Дубай бағытындағы № 897 әуе рейсімен ұшпақ болған Қазақстан Республикасының азаматшасы ұсталған. Әйел 37 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған.
Қазақстанның тағы бір азаматшасы 48,7 мың АҚШ долларын Алматы -Үрімжі бағытындағы әуе рейсімен алып ұшпақ болған жерінен құрықталды.
Сонымен қатар, Павлодар облысының Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері "Шарбақты" кедендік пункітінде Үшқарасу - Новосибириск бағыты бойынша жеңіл көлікпен бет алған Ресей Федерациясының азаматын тексеру барысында декларацияда көрсетілмеген 228,4 мың ресей рублі көлемінде шетел валютасын тапқан, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті