Шетелде білім алатын мемлекеттік қызметкерлердің сауатын Елбасы қатал сынға алды

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Құр әншейін барады да қайтып келеді. Ақша бекерге кетіп жатыр. Баруға бейімделген дайын адамдарды жіберудің орнына кім болса сол барады. Тілді білмейді, тілді білмеген соң олардың айтқан сөздерін игермейді. Сонан кейін қайтып келеді. Сол үшін біз бюджеттен 170 млн. ақша шығардық, аналар айтып отыр ағылшын тілін білмейтін адамдарды жіберіп жатырсыңдар деп.

Ақордаға атқарған қызметі жайында есеп беруге келіп, Елбасыдан сөз естіген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменов олқылықты жоюға уәде етті. Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктердің шетелде  біліктілігін көтергенін қолдайтынын ашық айтты. Алайда, жолдаманы тек лайықтылар иеленуі керек деді.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Тексеруде әділеттілік жоқ деген сөз. Білсе де білмесе де әркім өзінің адамдарын жіберіп отыр. Мен саған тапсырма берем. Министрге де айтамыз. Қара. Кезінде Болашақ бойынша көрдік қой. Бастықтар өз балаларын жіберіп алып қаңғып жүргенін. Мен олардың талайын жұмыстан босатқам. Сол қайтадан келіп отыр.