Бауыржан Наханов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:
-Жүргізуші куәлігін беруге Әкімшілік полиция комитеті ғана уәкілетті. Және біздегі мұндай құжаттар Халықаралық конвенцияға сәйкес. Сондықтан, әлем елдерінде осы бір куәлікпен көлік тізгіндей беруге болады. Ал қауымдастық қызметіне қатысты мәліметтерді прокуратураға жолдадық.
Осылайша халықаралық дәрежедегі құжатты таратқандардың өзі бәлеге қалғалы отыр. Қауымдастық қызметінің заңды не заңсыз екенін енді прокурорлар тексермек. Десе де, шетелде емін-еркін көлік жүргізуге болатын жаңа куәліктің өзін бүгінге дейін 40 адам алып үлгерген екен. Құны 26 мың теңге. Ал құжатты жасаған Жүргізушілер қауымдастығы өз істерінің заңдылығына сенімді. Айтуларынша, барлық халықаралық ұйымдармен келісімдері бар.
Елнар Қалымқұлов, Халықаралық жүргізушілер қауымдастығының менеджері :
-Дәлел қажет болса, қауымдастық қызметінің отандық және халықаралық заңнамаларға сәйкес келетіні туралы құжаттар бар. Барлығы заңды. Бұл жерде министрліктегілер қателесіп отыр.
Loading...