Шетелдердегің сайлау учаскелерінде дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 64,7 пайызы дауыс берді



Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасынің шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 35 сайлау (былтыр-34) учаскесі ұйымдастырылған.

"Осы сайлау учаскелерінде барлығы 4771 сайлаушы тіркелген, сайлауда олардың 3090-ы немесе 64,7 пайызы дауыс берген",- деп хабарлады Е. Ашықбаев.

Нәтижесінде шетелдегі сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың берген дауысы мынадай болды: Жалпыұлттық социал -демократиялық партиясына - 6,9 пайыз, "Нұр Отан" ХДП-на 78,9 пайыз, Қазақстан патриоттары партиясына - 2,6 пайыз, "Ауыл" социал-демократиялық партиясына - 2,4 пайыз, "Ақ жол" демократиялық партиясына - 6,2 пайыз, "Руханият" партиясына -0,8 пайыз, Қазақстанның комунистік халық партиясына -1,9 пайыз дауыс берілді.