Шетелдерді зерттеу жөніндегі Корея университетінде қазақ тілі оқытыла бастады

Қазақ тілін зерттеумен 6 жыл бойы айналысқан Сон Ен Хун қазақ тілінің тұңғыш оқытушысы атанды.

Бөлім аясы кеңейген сайын алдағы уақытта Қазақстаннан мәдениеттанушы және тарихшы мамандар оқытушылыққа шақырылмақ.
Бұл бөлім Әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен Шетелдерді зерттеу жөніндегі Корея университеті арасындағы ғалымдар алмасу жөніндегі келісім бойынша құрылып отыр. Келісімге 2003-жылдың сәуір айында қол қойылған.