Шетелдік дәрігерлер ақтаулық 6 жасар қызға көмектесуден бас тартты

Адам миын қайта қалпына келтірумен айналысатын АҚШ пен Үндістан ғалымдары ақтаулық сәбиге қол ұшын бере алмайды. Өйткені, миына мұндай зерттеу жүргізуге науқас әлі тым жас көрінеді.

"Үндістер бұған дейін мұндай зерттеулер жүргізетіндерін айтқан, алайда, бұл тәжірибені енді ғана жүзеге асырып отыр екен. Оның үстіне, тек 18-ден асқан науқастарға ғана жүргізеді. Америкалықтар болса 15 жастан асқандарды емдей алатынын айтуда. Үндістер көмектесе алмайтындарын нақты айтты. Америкалықтар да 15-ке толмаса қабылдай алмаймыз деп отыр", - дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйеснова.

Виканың әжесі болса шетелдік дәрігерлермен келіссөздердің әлі жүріп жатқанын айтып отыр.

"Бұл нақты ақпарат емес, бұл туралы қазір ешқандай ақпарат бере алмаймын, бірақ, келіссөздер әлі жүріп жатыр", - дейді ол.


Естеріңізге салайық, 6 жасар Виканы биыл тамыз айында Ақтаудағы саяжайлардың бірінде педофил зорлап кеткен болатын. Қылмыскер сәбиді дүкеннен алдап алып шыққаны белгілі. Алған ауыр жарақаттары салдарынан кішкентай қыз ес-түссіз ауруханаға жеткізілген. Содан бері ол есін жиған жоқ.

Жуырда Мәскеуден келген мамандар Виканың миы өлігенін айтып, өзінің де жазылатынына күмәнмен қарайтындарын айтқан болатын.