Шетелдік елшілер мен министрлер теннис ойнады


Қазақстандық министрлер кортқа бірінші рет шығып отырған жоқ. Бірақ қарсыласты бағаламауға болмайды. Сондықтан ойын алдындағы әзірлікке қызу кіріскен. Міне, Әділет министрі Берік Имашев «Қазмұнайгаздың» басшысы Сауат Мыңбаевқа әлденені үйретіп жатыр. Ал «Қазатомпром» компаниясның басшысы мен еліміздің бас экономисті өздеріне тым сенімді. Бір командаға топтасқан Түркия, Австрия, Венгрия, Словакия мен Болгария елшілері де, мықты дайындықпен келген екен. Үкімет мүшелеріне тегеурінді қарсылық көрсете білді. Алайда, Есілдің сол жағалауындағы шенеуніктер жекелей және командалық сында дипломаттарды шаң қаптырып кетті. Қортынды есеп 8-1.