Шетелдік инвесторлар кеңесінің жанынан арнаулы комиссия құрылды

"Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Мәселен, шетелдер жағынан кеңес құрамын реттеу жөніндегі комиссия құрылды",- деді Н.Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-шы жалпы отырысында бүгін сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, комиссия құрамына Қазақстан жағынан үш, шетелдер жағынан - үш өкіл енетін болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті