А.Жетпісбаевтың айтуынша, шетелдік инвесторлар "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағында өз өндірістерін ашуға ниет білдіруде. "Көбінесе Өзбекстанда жұмыс істейтін кореялық компаниялар қызыңушылық танытуда",- деді ол. - Өзбекстан аумағында қазір 20-дан астам шетелдік тоқыма кәсіпорындары жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі мемлекеттің бизнеске араласуынан басталатын ондағы көптеген тауқыметтерге байланысты өз өндірісін Қазақстанға көшіруге дайын".
А.Жетпісбаевтың пікірінше, шетелдік инвесторларды Қазақстанға тартып отырған басты себеп - Қазақстандағы тұрақтылық пен "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағында қолданылатын салық және кедендік жеңілдіктер болып табылады.
Сонымен бірге Алматы мақта-мата комбинаты, ЮТЕКС, "Мақтаарал" корпорациясы, "Хлопкопром" сынды бірнеше отандық компаниялар да арнаулы экономикалық аймақта жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр.
Қазіргі жағдаймен Арнаулы экономикалық аймақ мемлекеттік мекеме ретінде тіркеліп, жерге мемлекеттік акт алды. Қазір онда банк ісінің, тоқыма өнеркәсібінің, консалтинг және маркетинг саласының мамандарынан құралған 21 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Арнаулы экономикалық аймақ құруға қатысты ақпарттарды кеңінен насихаттау үшін интернетте арнаулы парақшасы ашылып, болашақ инвесторларға ақпараттарды тікелей жолдау ісі жолға қойылған.