Шетелдік инвесторлар Қазақстанда металлургия мен тамақ өнеркәсібіне инвестиция құюға ынталы

"Біз ТМД елдері ішінде адам басына шаққанда шетелдік инвестиция тарту жағынан алдамыз. Өткен жыл рекордты болды, 28,8 млрд доллар тартылды. Бұл 2011 жылдың көрсеткішінен 9% дерлік жоғары", деді "KAZNEX INVEST" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов жұмада Астанада баспасөз мәслихатында.

ЮНКТАД бағалауына қарағанда, 2012 жылдың нәтижелері бойынша тартылған инвестиция көлемі жағынан Қазақстан көшбасшы елдердің жиырмалығына енген.

Ұлттық агенттіктің деректеріне қарағанда, 2005 жылдан бері 2013 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін Қазақстан 172 млрд доллар шетелдік инвестиция тартқан.


"Біздің міндет, өндіруші сектордан гөрі инвесторларға өңдеуші секторды тартымды ету, өңдеу секторындағы динамика қазір жаман емес, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында алдыңғы үйлес мерзіммен салыстырғанда өңдеуші секторға 5,2% көп инвестиция тартылды", деді ол.