"Қазақстан экономикасын тұрақты дамуға көшіру жөніндегі 2024 жылға дейінгі біртұтас мақсатты көрсеткіштер айқындалған үкіметтің қаулысы жасалып, қабылданды. Барлық басқару деңгейлерінде осы көрсеткіштерге бағыну керек", -деді Н. Назарбаев.
"Үкіметтен барлық салалық және өңірлік бағдарламаларда тұрақты даму принциптерін, табиғи ресурстарды тиімді әрі ойламды пайдалану, тепе-тең демографиялық саясат принциптерін міндетті түрде ескеру талап етіледі", -деді ол.
"Ірі шетелдік инвесторлар да өз кәсіпорындарының Қазақстанда тұрақты дамуға көшу бағдарламаларын жасауы қажет және онда "таза өндіріс" стратегиясының принциптерін енгізуі қажет деп санаймын", -деді мемлекет басшысы.
Н. Назарбаевтың пайымдауынша, "корпоративтік көшбасшы критерийлеріне экология мен тұрақты дамуға, ресурстарды үнемдеуге бірінші кезекте назар аударатын компания ғана сай келеді". Осыған байланысты ол Қазақстан үкіметінің "30 корпоративтік көшбасшы" атты мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасап қабылдағанын еске салды.