Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатыр және салаға инвестициялар тартудың жаңа тетігін көрсетеді.
— Біз тұрақты динамиканы көріп отырмыз: фармацевтика секторы 10%-ға өсуді, ал инвестиция көлемі 2 есе өсуді көрсетеді. Бұл жергілікті өндірісті дамыту жөніндегі жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құжатқа қол қою барысында.
Келісімнің негізгі параметрлері:
— Біздің міндетіміз - елді сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан өңірлік фармацевтикалық хабқа айналатын жағдайлар жасау. Бұл үшін барлық қажетті заңнамалық жағдайлар жасалған, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Министрлік мәліметінше, жобаны іске асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін күшейтеді, экспорттық әлеуетін кеңейтеді және Қазақстанның өңірдегі фармацевтикалық өндіріс орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашады.