Caravan Logo

Шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандықтардың тізімі жарияланады

Шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандықтардың тізімі жарияланады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде 2018 жылы Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруі туралы талап енгізілді.

Аталған есепті заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікір, социологиялық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізетін тұлғалар ұсынады. 

Ол мәліметтер жарты жыл сайын www.kgd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады. Бұл қадам азаматтардың мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған.

Сонымен, 2023 жылғы І жартыжылдықта шетелдік көздерден ақша және мүлік алу туралы мәліметті 239 адам ұсынды (19.09.2023 жылы жарияланды). 

2023 жылдың 2 жартыжылдығында 192 адам бойынша мәліметтер жарияланды (20.03.2024). 
2024 жылдың 1 жартыжылдығында 192 адам бойынша мәліметтер жарияланды (19.09.2024).
2024 жылдың 2 жартыжылдығындағы тізім 2025 жылдың 20 наурызына дейін жарияланады.