Шетелдік сәулетші Алматыны екінші Нью-Йоркке айналдырмақ

Байсейітова, Уәлиханов көшелерінің және «Жұлдыз» ықшамауданындағы Мұқатай көшесінің кейбір тұстарында көлік қозғалысы шектелмек. Ол жерлерде былайғы кезде де көліктер көп жүрмейді екен. Ал Момышұлы көшесінің бойына Шаляпиннен бастап Төле биге дейін, сондай-ақ, Алатау киноконцерт залынан Ақын Сара көшесіне дейін тротуар жөнделіп, велосипед жолдары төселмек. Сонымен бірге, Тимирязев, Шаляпин, Әшімов көшелерінің бойында да дәл осындай көріктендіру жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Жолдасбеков, Фурманов, Сәтбаев және Достықтан құралған аумақта да жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге жағдай жасалады.


Еркебұлан Оразалин, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Ян Гейл басқарған архитекторлық топ Алматы қаласына қатысты біраз ұсыныстарын әзірлеген болатын. Осы бүгінгі таңда олардың берген ұсыныстары қосымша тағы талқыланып, 8 аудан бойынша нақты мекенжайлар белгіленген болатын.  Күзге дейін бұл жұмыстардың бәрін атқаруға алдымызға мақсат қойып отырмыз. 

Loading...