Шетелдіктердің қазақстандық жұмысшылардан көп жалақы неге алатыны белгілі болды

«Еуропалық, соның норвегиялық мамандар Қазақстандағы мұнай жобаларында жұмыс істеген жағдайда олардың жалақысына «үшінші әлем коэффициенті» қосылады. Осы коеффициент елімізге шетелден келіп жұмыс істеп жүрген маманның жалақысын отандасымыздың жалақысына қарағанда әлдеқайда жоғары қылады», - деді «Статойл» компаниясының кәсіподақ ұйымының басшысы Гаир Нильсен.

Айта кетейік, бұған дейін Теңіз және Қашаған мұнай кен орындарының қазақстандық жұмысшылары бірнеше мәрте бірдей жұмыс жасай тұрып, шетелдіктердің олардан артық жалақы алатынын мәселе қылып көтерген болатын.