Сонымен, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге шамасында белгіленеді деп болжам жасалуда. Құжатта дизель отынының бағасы литріне 315 теңге болады делінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengelife қаржы арнасына сілтеме жасап.
«Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын Қазақстанда тіркеу туралы куәлігі бар азаматтарға ЖЖМ бағасы өзгеріссіз қалады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Энергетика министрлігі қазір ЖЖМ қорын өндіру, тиеу және толықтыру үздіксіз жүріп жатқанын, ішкі нарықта мұнай өнімінің едәуір қоры бар екенін, ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты екенін хабарлады.