Шетелге бала сатумен айналысқан ірі қылмыстық топ ұсталды


Шенеуніктер кез-келген жанұяда  екінші бала дүниеге келсе, ата-анасынан 50 мың АҚШ долларын сұраған. Ал ақша таба алмағандардың балаларын күшпен алып, шетел асырған. Сәбилерді олар АҚШ-тағы, Канададағы және Еуропа елдеріндегі  бала асырап алушыларға беріп, пайда тауып келген. Полиция қызметі осындай жолмен саудаланған баланың саны кемінде 10 мыңнан асқан дейді. Оның үстіне қылмыстық топ  он жылдан бері жұмыс істеп келгендіктен, бұл сан  «бірнеше есеге өсуі мүмкін» дейді. Қытайда “бір отбасыға - бір бала” саясаты ұсталатыны белгілі.