Бүгінде ел аузында экс-бас бапкердің қазіргі қызметі туралы туралы түрлі әңгімелер жүр. Бірі Айтжанов шетелге кетті десе, екінші топ спорттан түбегейлі қол үзді деген болжам жасауда , деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Спорт журналисі Аслан Каженов Instagram парақшасында Мырзағали Айтжановтың жеке бапкер ретінде шәкірт тәрбиелеп жатқанын айтты.
"Кім не десе, о десін, Мырзағали ағай халықаралық деңгейде Мырзағали ағай болып қала береді. Тайландтағы жарыс алаңына жеткенде алдымыздан шықты. Амандық сұрасып, жоспарларын біліп жатырмыз. Айналадағы басқа елдің бапкерлері бастарын изеп, құрмет көрсетуде. Мырза ағаймен кішкене болса да сөйлесіп, ақыл-кеңес алып қалғысы келеді. «Мықты маман боласың» деп баға берсе, кәдімгідей марқайып, қуанып кетіп жатыр.
Иә, Париж олимпиадасы провал болды. Айтжанов оған қатысты жауапкершіліктен қашпады. Қашпайды да. Жазғы ойындардан кейін ақпараттық шабуыл күшейгені соншалық, боксты мүлде тастап кете ме не басқа елге көшіп кете ме деген ойлар келген. Жоқ, қазір жеке бапкер ретінде сол жұмысын жалғасырып жатыр. Азия чемпионатына Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбайды әкеліпті. Мырза ағайдың шәкірттеріне, жалпы ел намысын қорғап жатқан барлық қыз-жігітке тек қана сәттілік тілеймін!", - деп жазды ол.