Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазақстанды тарөткелде тастап, шетелге көшіп жатқан қазақтардың бәрі - қарнын ойлаған сатқындар", - деп жазды ол.
Желі оқырмандарының бірі оның пікірімен келіссе, бірі келіспеді.
"Өз басым шетелде тұрсам, елді, ортамды қатты сағынатын сияқтымын. Дегенмен, мүмкіндік болса, балаларды оқыту, аяққа тұрғызу үшін бірер жылға барар едім. Балаларыма да «шетелде білім алудың реті шығып жатса, оқып-тоқыған соң, соның қызығын ел-жұртыңбен бірге көруің керек» дегенді саналарына құйғандай болып жатырмын", "Дұрыс айтасың, Сәулетай! Тіршілігі ойындағыдай болмай қалса, Қазақстанды кіналап шетелге кеткендер- сатқын. Отанын сатқандар", "Балаларымның болашағы үшін алаңдаймын. Кету туралы ойыма сол ғана себеп. Ғылым мен өндірісі дамымаған елде, болашақ бұлыңғыр", - деп жазды желі оқырмандары.