"Шеврон" 2008 жылдың аясында Теңіздегі өндіріс орындарының қуатын арттыру жобасын толық аяқтамақшы

"Теңіз кенішіндегі өндіріс орындарының қуатын арттыру жұмыстарының бірінші кезегі алдағы бірнеше айда тәмамдалады. 2008 жылы Теңізде бұл жоба толық аяқталады", - деді Д. ОРайли.
Корпорацияның басқармаларының төрағасы бұған қоса "Қазақстан президентінің Теңіз кенішіндегі компания іс-қызметіне қанағаттанғандық білдіргенін" жеткізді. "Бүгін біздің кездесуімізде Қазақстан президенті де, үкімет басшысы да біздің компанияның іс-қызметіне, атап айтқанда, Теңіз кенішіндегі іс-қызметіне қолдау білдірді", - деп атап өтті. "Қазақстан мемлекет басшысы Теңіз жобасын үкімет пен шетелдік инвестордың қалай табысты жұмыс істей алатындығына мысал ретінде атады" , деді Д. ОРайли.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті