Щучьеде спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық жиыны өтеді

Қазіргі уақытта еліміздің спорттық бағдарлау жөніндегі құрама командасы 2011 жылғы қысқы Азиада ойындарына дайындықтың жаздық кезеңінің қорытынды бөлігін өтіп жатқандығын атап өткен ол, «спортшылар жеке жаттықтырушыларымен жеке бағдарламалар бойынша әзірленуде. Сонымен қатар таяу күндері Щучьеде жалпы жиын өтеді», деді.

Мемлекеттік жаттықтырушының айтуына қарағанда, құраманың көшбасшылары болып саналатын Ольга Новикова мен Михаил Сорокин қазіргі уақытта Болгарияда жеке жоспар бойынша жаттығып жатыр. Жалпы барлық спортшылар үшін дайындыққа қажетті барлық жағдай жасалған. «Сондықтан біздің алдымызға қойылып отырған міндеттер де өте жоғары. Біз осы жоғары сенім үдесінен шығуға тырысамыз», деді И.Шведова.