Ақмола облысының Щучинск қаласында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы өз-өзіне қол салды.
Бурабай аудандық прокуратурасы хабарлағандай, 44 жастағы ер адамның мәйіті жер үйдің алдындағы қорадан табылған.
Қазір оқиғаға қатысты жан-жақты тексеру жүріп жатыр. Оның мұндай қадамға баруына отбасындағы кикілжің түрткі болған болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.