Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Щучинскідегі төтенше жағдай салдарынан 26 адам зардап шеккен. Олардың жетеуі қайтыс болды: бесеуі оқиға орнында, тағы екеуі жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Алғашқы кезеңде 15 адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта 13 пациент стационарлық ем қабылдап жатыр. Тексеруден және қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін алты адам амбулаториялық емдеуге жіберілген.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің алған жарақаттарының негізгі сипаты – зақымдану аумағы мен тереңдігі әртүрлі болатын термиялық күйіктер. Барлық пациенттердің жағдайы тұрақты бақылауда.