Бір атап өтерлігі, соңғы уақытта облыстың Шиелі ауданы жерінде осындай жұртты елең еткізетін ерекше құбылыстар жиі кездесіп жүр. Біз осының алдында ғана мұндағы бір тұрғынның бақшасында салмағы 2 келі тартатын баклажанның алынғаны туралы да хабар бергенбіз. Ал бұдан сәл бұрынырақта бүйірінде «Аллаһ» деген жазуы бар қияр мен қозы кездесіп, жұртты бір елеңдетіп еді. Сол сияқты осы аудан ауқымындағы Бәйгеқұм ауылындағы айдаһар тақiлеттес жануар табылған. Сондай-ақ Бидайкөл елді мекеніндегі ергежейлі алма ағашының жемiстен бас көтере алмай қалғаны естіген жұрттың жағасын ұстатқан.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш бірдей бұзауды өмірге әкелген жануардың жағдайы жақсы. Бұзаулары да дін-аман. Олар күннен күнге жақсарып, өсіп келеді. Аудан ветеринариялық қызметі жағдайды күнделікті бақылауға алған.