Шиеліде сабантой бағдарламасына сай ақындар айтысы болып өтті - Қызылорда облысы

Суырып салма ақындардың аламан жарысында шымкенттік Кәрима Оралова бас бәйгеге ие болды. Оған жеңіл көлік табыс етілді. Бірінші орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов иемденсе, екінші орынға шиелілік Мейірбек Сұлтанхан табан тіреді. Үшінші орынға семейлік Әсем Ережепқызы көтерілді.