Шикізат өндіруші салалар іс-қызметінің ашықтығы жөніндегі бастаманы жүзеге асыруға қатысты Қазақстанның бірінші есебінің тұсаукесері 2006-жылдың аяғында өтеді - энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары

"Бірінші есеп 2006-жылдың аяғында жарық көреді деп күтудеміз",- деп атап өткен Б.Ақшолақовтың айтуынша, "бұл екі кезеңмен жүзеге асады. Біріншісі - есептерді жинау мен компаниялардың мүмкіндіктерін салыстыра тексеру. Бұл біршама уақыт алатын шара. Егер есептердің арасында айырмашылық болмаған жағдайда олар қазан айында жарияланады. Ал егер бірінші кезеңінде айырмашылықтар айқындалса, онда бұл тағы да біраз уақытты иемденеді. Демек, ол жылдың аяғында жарияланады деген сөз",-деді ол.

"Бастапқыда аталмыш бастамаға қатысты алғашқы есеп 2006-жылдың мамыр айында жарияланады деп күтілген болатын. Алайда тәуелсіз аудиторды іріктеу біраз уақыт алды",- деді Б.Ақшолақов. "Екінші мерзім қазан айына белгіленді. Бірақ біз бастаманы жүзеге асыруға қатысты шетелдік тәжірибені, соның ішінде Әзербайжан, қырғызстан және Нигерия секілді елдердің тәжірибесін зерттедік. Соның нәтижесінде бүгінге дейін реттелмей келген көптеген жайттар анықталды, сол себепті біз олардың қателіктерін қайталағымыз келмейді",- деді вице-министр.

"Қазір біз есеп құжатын дайындау формасына баса назар аударудамыз. Бұл да біз күткеннен көбірек уақытты иемденетін болып шықты",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті