Бұл форумды Ұлыбританияның халықаралық қатынастар жөніндегі Chatham House Корольдық институты мен демократияны дамыту жөніндегі Орталық Азиялық қоры, Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлыбритания елшілігі, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан елдерінің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе ұйымдастырмақшы.
Демократияны дамыту жөніндегі Орталық Азиялық қорының бас директоры Еркін Тұқымовтың айтуынша, «Қазақстанның әлемдік нарықтағы орны, мемлекетке көптеген халықаралық трансұлттық компаниялар мен корпорацияларды тарту, Қазқстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіру үшін экономикалық позициямызды жетілдіру , мұнайгаз қорларына тәуелділіктен құтылу, мемлекет экономикасын диверсификациялау нәтижесінде қол жеткізу, экономикаға қосымша қаржы салымдарын тарту және трансұлттық компанияларды қатыстыру мәселелері бас қосуда талқыланады».