Шілде айында қазақстандық импорт 13,5 қымбаттап, экспорт 3,5 пайыз арзандаған

13,5% қымбаттап, экспортқа шығарылатын тауарлардың құны 3,5% арзандаған.

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, импортқа алынған шикізат 1% қымбаттаса, экспортталатын шикізат құны 6,6% төмендепті. Сырттан әкелінген жартылай фабрикаттар бағасы 3,7%, экспортталған жартылай фабрикаттар 3% қымбаттаған. Аталған уақыт аралығында импортталған дайын өнімдер 16,9%, экспортталған өнімдердің бағасы 17,3% өсті.

Шілде айында экспортқа шығарылатын қара және түсті металл рудасының бағасы 7,7%, мыс - 2,3%, сұйытылған пропан газы - 1,9% арзандаған. Қорғасын бағасы 10,9%, табиғи газ - 7%, алюминий - 4,4%, ферроқорытпалар - 4,3%, көмір – 3,5%, мырыш - 2,6%, газ конденсат - 2,3%, мұнай – 0,2% қымбаттады.

Ал, бидай бағасы 9,8%, мақта – 3,5% төмендесе, жүн 11,7%, арпа бағасы 2,3% көтерілді.


Сырттан келетін өсімдік майы 8,6%, көкөніс – 6,6%, сүт өнімдері – 1,3%, шай - 0,7%, балық - 0,4% арзандаса, күріш – 9,9%, шұжық өнімдері – 3,7%, кофе – 2,2%, құс еті - 2,1%, қант – 0,8% қымбаттады.