Атап айтқанда, елімізде 2014 жылғы шілдеде инфляция 0,1 пайызды құрады. Сонымен қатар, баға өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында бір ай ішінде - 1,4 пайыздан, көтерме саудада - 1 пайызға, құрылыста 0,5 пайызға өсті. Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген почталық және курьерлік қызметтеріне 0,3 пайызға жоғарылады, ал жүк көлігімен тасымалдауға және байланыс қызметтеріне өзгеріссіз қалды.
Атап айтқанда, шілде айында тұтыну бағалары маусым айына қарағанда 0,1 пайызға, былтырғы жылдың шілдесіне қарағанда 6,9 пайызға өскен. Ал өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы өткен аймен салыстырғанда 1,4 пайызға артты.