Шілдедегі жаңбыр тұрғындарды ғана емес, синоптиктерді де таңқалдырып отыр

Мәселен, Астанада соңғы үш тәуліктен бері жаңбыр толастар емес. Сынап бағанасы түнде 8 градусқа дейін төмендеп, күн күрт суытып кетті. Тоңған тұрғындар жылы киімдерін қайтта жаппай киюге мәжбүр. Күн райының бұзылуы жалғыз орталықты емес, шығыс пен батысты да әбігерге салып жатыр. Мұнда да нөсерлетіп жауған жаңбыр қолайсыздық тудыруда. Бұған  циклонның әсері себеп. Синоптиктердің болжамынша, осы апта еліміздің біраз бөлігінде күн жауын шашынды болып, жел екпіні күшеймек. Тек шілденің 17-нен кейін күн шуағын төгеді.


Саида Бердібекова,  «Қазгидромет» ММ  инженер-синпотигі:

-Температура көтеріледі. Бұрынғыдай +30,+35 градус болмайды, 20-25 градустай күтіледі. Күн көшпелі бұлтты болады кей жерлерде күндіз жаңбыр жауады.