Шілдеден бастап ескі автокөліктерді жаңаға алмастыру бағдарламасы жүзеге аса бастайды

А.Лаврентьев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ескі автокөліктерді жою және оған берілетін өтемақы туралы ақпарат қалдырыпты.

«Ескі автокөлікті тапсыру кезінде қазақстандықтарға сертификаттар беріледі, ол жаңа көліктің бастапқы  несиесін  жаба алады», - деп жазыпты А. Лаврентьев Facebook парақшасында. Оның хабарлауынша, сертификаттар шілдеден бастап қабылданады.

«Бұл сертификаттар отандық автомобильдерге ғана емес, импортталған автомобильдер үшін де берілуі мүмкін. Жоюға өткізілген жеңіл автокөліктерге төленетін өтемақы мөлшері шамамен 300-350 мың теңгенің айналасында болады», - деп атап өтті.

Жарамсыз ескі көліктерді қабылдау және сертификаттарды берумен «Операторы РОП» ЖШС айналысатын болады.

«Алаяқтыққа жол бермеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық сертификаттардың бірегей арнайы базасы құрылады. Әр сертификаттың жеке сәйкестендіру нөмірі жасалып, олар РПБ электронды базасы арқылы бақыланатын болады», - деді А. Лаврентьев


Еске сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарамсыз автокөліктерді қабылдау және жоюдың өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері енгізіледі. Міндеттер  бірінші кезекте тек ескі автокөліктерге қатысты болады. 

BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті