Шілденің алғашқы жексенбісінде «Нұрсұлтан- 2011» альпиниадасы бастау алады

«Шара халықты белсенді тынығудың түріне тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады», - делінген хабарда.

Дүйсенбі күні таратылған хабарда айтылғандай, шара бағдарламасында – «Нұрсұлтан» (4376 м) шыңына бірден, күрделігі 2А, 2Б, 3Б, және 4А болатын 4 маршрутпен өрмелеп шығу бар.

«Оған барлық қалаушылар қатыса алады», - делінген хабарда.

Шараның ұйымдастырушылары Алматы әкімшілігі мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.