Ширек ғасырдан соң қазақ сахнасына қайта оралған опера


Сонау 60-70 жылдары жастарды жаппай қырман басына шақырған туынды қазіргі заманға сай қылып өңделген. Десе де, Ермек Серкебаев пен Роза Жоламанова сынды тау тұлғалардың ұмытылмас дауысымен санада жатталып қалған әуені сол күйі еш өзгертілмепті. Ұлтымызға тән үнділігі де сақталған. «Айсұлу» - қазақтың ілуде біреу ғана комедия жанрындағы операсы. Қос ғашықтың шынайы сезімін суреттейді. Ал өткен жылы ғана өмірден озған әйгілі әншілердің спектакльдегі рөлін опера әртістері Майра Мұхаметқызы мен Төлеген Рақымбаев орындамақ. Қайта өңделген «Айсұлудың» премьерасы ертең Абай атындағы опера және балет театрында өтеді.