Бұл жолы қалың қауым Әбдікәрімоваға саясатқа араласпауын сұраған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімованың өз ойын желідегі парақшасына салған сол еді, оны көпшілік сынның астына алды. Десе де актриса желіде мынадай жазба қалдырған:
«Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңес отырысы өтті.
Екі тақырып талқыға салынды:
1. Жасөспірімдер мен жастар арасында электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы
2. Жастардың арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы
Екеуі де індет. Ресми ұйымдардың келтірген статистика сандары тіпті қорқынышты болды. Елдегі әр үшінші оқушы вейпке тәуелді. Ол дегеніңіз дәл қазіргі таңда ел бойынша 1 миллионнан астам бала вейп қолданады. Ал соңғы 5 жылда жастар арасында синтетикалық есірткіге тәуелділер саны 14 есе көбейген.
Неге? Басты себеп олардың қол жетімділігінде. Сорақысы сол синтетикалық есірткіге тәуелділіктен айығу мүлде мүмкін емес! Ана ретінде, жастарымыздың болашағына қатты алаңдаймын. Ең әуелі жауапты ата-ана деп білемін. Одан кейін орта ықпал етеді. Осы екеуінен кейін мектеп пен білім беретін ұйымдар мұқият болуы қажет деп санаймын.
Балаңыздың кіммен араласатынын, бос уақытын қалай және қайда өткізіп жатқандығын қадағалаңызшы. Өз оқырмандарымнан сұрағым келетіні егер балаңыздың вейп тартатынын білген жағдайда алғашқы қадамыңыз қандай болар еді?», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары осындай жиындардан ештеңе шықпайтынын, бәрі құр сөз күйінде қалатынын ашып айтқан. Сонымен бірге олар Жұлдыз Әбдікәрімоваға саясатқа араласпауын сұраған. Олар:
«Ой шіркін бәрі қиналып отыр ғой, түр жасап», «Бастарында ауыртып жатқан жоқ.Жай зорға тыңдап отыр», «Дөңгелек үстел басына шіреніп отырып алып, статистиканы сапырамыз, сонымен бітті. Бастысы қаржы игерілді», «Бос сөз, нәтиже жоқ» деп жазды олар.