Бұл туралы облыстық әкімдіктің қаулы жобасында айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
"Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде тұрған, осы қаулыға қосымшада көрсетілген нысандар жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын", - деп жазылған құжатта.
Қосымшада 5 нысан көрсетілген. Олар:
Жалпы аталған тізімде облыстық маңыздағы 323 нысан болған. Қаулы қабылданса, олардың саны 319-ға қысқарады деген сөз.
Осы 319 нысанның ішінде Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендерге арналған ескерткіш, Я.В. Ушанов ескерткіші, Ф.Э. Дзержинский бюсті, Устькаменная бекінісінің негізін қалаушыларға арналған декоративтік скульптура-субұрқақ, «Қылыштан орақ құямыз» мүсіні, Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті, Шарап дүкені, Сыра зауытының иесі Яворовскийдің үйі, «Савва Семенов және оның ұлдары» сауда үйі, Көпес А. Рафиковтың лабазы, коммерсант А.К.Бобровтың үйі, И. Н. Кожевниковтың шыны және фаянс ыдыстары дүкені, Выдринның үйі, бухгалтер Жеромскийдың үйі, Балықшы бай И.Д.Подойниковтың үйі, А.С.Меновщиковтың шарап сақтайтын жертөлесі бар үйі, алтын іздеуші Валитовтың үйі, көпес Семеновтың дүкені, көпес Х.Ерзиннің үйі, көпес Ж.Татановтың үйі, көпес Ғабдырасылдың үйі, көпес Б. Бобкиннің үйі, Көпес Т.Бекчентаевтың дүкен, көпес А.В. Собачкиннің үйі, А.Ф.Казариновтың үйі, алтын іздеуші П.Г.Сорокиннің үйі, көпес Быковтардың үйі, С.Малей жазаланған жердегі құлпытас, Питер Коммунарларына ескерткіш, В.И.Чапаевтың бюсті сияқты ескі идеологияның нысандары әлі бар.