Оның айтуынша, суға кеткендердің 70 пайызы Ертіс өзеніндегі "жабайы" жағажайда қайтыс болған. "Біз қалада ахуалға толық бақылау жасайтын мүмкіндік болғанмен, аудандарда адам мен техника жетіспейді, үш құтқарушы облыстың бір ауданы үшін жауап беруі мүмкін емес, тек қалыпты жағажайда 3-4 адам болу керек, ал "жабайы" жағажайда одан да көп күш қажет",- деп түсіндірді В. Турусов.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, облыстың су тоғандарында күн сайын судан құтқару қызметінің 7 қызметкері жұмыс істейді. 2007-жылы көптеген көшпелі посттар құтқарушыларға құрбандардың санын 2006 жылмен салыстырғанда 7-ге азайтуға мүмкіндік берді (2 айда 44 адам қайтыс болған). Бірақ құтқарушылар қайтыс болатындардың саны тамыз айында өсуі мүмкін деген қауіпте. "Синоптиктердің болжамдары қуантарлықтай емес - аптап ыстық тамызда да сақталмақ, ыстық мен ішімдік - суға түсушілердің ең қауіпті дұшпандары, өкінішке орай тұрғындар бұны ұдайы естен шығара береді",- деп атап өтті В. Турусов.
Оның айтуынша, соңғы оқиға дүйсенбі күні болған. "Су бекеті маңында бір отбасылық жұп баласымен бірге Ертістен өтпек болған, ішіп алған әкесі шұңқырға түсіп кеткен, әйел ең соңғы секундта ғана баланы әкесінің қолынан алып үлгерген. Тек ер адам ғана қайтыс болды",- деп қосты судан құтқару қызметі бастығының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті