Ерлер арасында аталмыш қашықтықты 2 минут 18,998 секундта жүріп өткен Но Джинкю (Noh Jinkyu) жеңіске жетсе, екінші орынды оның отандасы Ум Чхынхо (Um Cheonho), үшінші орынды қытайлық спортшы - Лю Сяньвэй (Liu Xianwei) иеленді.
Әйелдер арасында қос жеңіс те осы елдің өкілдеріне бұйырды. Алтын медальді Чо А Ли (Сho Ha Ri), ал күміс медальді - Пак Сынкхи (Park Seunghi) қанжығасына байлады. Жарыстардың қола медаль жүлдегері Жапонияның спортшысы - Сакураи Биба (Sakurai Biba).