Шошқаның кесірінен қазақстандық мерт болды

30 жастағы Қазақстан азаматы Волгоград-Элиста тас жолымен Hyundai Sonata көлігімен қалаға қарай бет алып бара жатқан. Жолдың 67-шақырымында жолға аяқ-астынан атып шыққан доңызды көлік қаққан.

Алған ауыр соққыдан көлік жолдың қарсы бетіне ұшып кетіп, КамАЗ-бен соқтығысқан.

Апат салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.


Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі көлік жүргізушісінің өлімін тіркеген.