Шотландия Ұлыбританиядан бөлініп шыға ма?


Қазіргі уақытқа дейін таңдау жасауға жұрттың 80 пайызы келіпті. Яғни 5 миллионнан аса адамның 4 жарым миллионы бүгін өз болашағын айқындауға атсалысқан. Ал билік дауыс беретіндерге қатысты талапты өзгертіпті. Мәселен енді Шотландияның 16 жасқа толған кез-келген тұрғыны өз қалауын жасай алады. Егер де жұрттың басым бөлігі тәуелсіздікті таңдаса Біріккен Корольдік өз аумағының үштен бірін және мұнай кеніштерін жоғалтады. Бұл Ұлыбритания экономикасына кесірін тигізбек. Референдум қорытындысы ертең жария етіледі.