Шотландияда теңіз динозаврының жаңа түрі табылды


Ихтиозаврлардың сүйектері Шотландияның Скай аралынан табылған, деп хабарлайды британдық «Скай-ньюс» телеарнасы.
Табылған динозаврға қаңқаны 1959 жылы Бирререйг бұғазынан тауып алған әуесқой-археолог Брайан Шоукросстың құрметіне Dearcmhara shawcrossi деген ат беріліп отыр.
Ұзындығы 4,2 метрлік Dearcmhara осыдан 170 млн жыл бұрын қазіргі Скай аралының аумағындағы жылы теңіз суларын мекен еткен.