Шоу-бизнес жұлдыздары салық төлемеу үшін табысын төмен көрсеткен

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шоу-бизнес пен концерттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар өз табыстарын қасақана төмендетіп көрсеткен.

«Жыл басынан бері Айқын, Ернар Айдар,  «Шаншар», «Алдараспан» театрларының концерті, сондай-ақ шетелдік Полина Гагарина, Павел Воля, Вячеслав Бутусовтың концерттеріне салықтық тексеру жүргізілді.

Олардың көбі шын мәнінде тапқан табысын 10 есе төмендетіп көрсеткен», - деді баспасөз қызметінен.