Шовинист Өскемендегі 28 басшыны атып өлтірмек болған – ҰҚК

Казимирчуктың «Пугачев» және «Емельян» деген екі лақап аты болған. Ол ауыр қылмыстары үшін ұзақ жылға сотталып шыққан соң 1993-94 жылдары Югославия аумағында соғысқа қатысқан. Әскери шабуылды жетік меңгерген «Пугачев» РФ Мемлекеттік Дума депауттартары және ресейлік қалталы кәсіпкерлермен жақсы байланысқан. Ұлты поляк Виктор Бас барлау басқармасының подполковнигі шенінде әскери қызмет те атқарыпты. Ол Шығыс Қазақстанды елден күшпен бөліп алып, «Орыс Алтайы» автономиясын құрмақ болған. ҰҚК оның жолын кесу үшін ұзақ уақыт жасырын күрес жүргізген,Caravan.kz медиа порталы Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

«В.Казимирчук 1990-шы жылдардың аяғында Мәскеуде өзі ұйымдастырған, бірақ әділет органдарында тіркелмеген «Русь» қоғамдық-патриоттық ұйымын басқарған. Шамамен 1997 жылы «Алтай құрылысшысы» облыстық газетінің бұрынғы бас редакторы В. Чернышовпен жолығады. 1998 жылдың жазында Казимирчук бірінші рет Шығыс Қазақстанға келеді. Казактардың радикалды қанатымен байланысқан облыстың және қаланың саяси өмірінің атақты радикалдары облыстық мәслихаттың депутаты Н. Иванов пен А. Дашковқа ол Чернышовтан екі кепілдемелік хатты алып келеді. 1999 жылдың жазында Пугачев және Чернышов бірлесе отырып Шығыс Қазақстанға келді. Ведомствоның орталық аппаратының үйлестіруімен ҰҚК ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері кейінірек анықтағандай, сол кезде-ақ «Русь» ұйымының көшбасшысы облысты Қазақстаннан бөліп алу жоспарын ойластырып жүрген. «Русь» ұйымы Казимирчук пен Чернышовтың Өскеменге келетін кезінде РФ Мемлекеттік Думасына, Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығына үндеу дайындады. Үндеуде ШҚО-да қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың негативті жағын тілге тиек етеді. Сонымен қатар бұл үндеу арқылы көмек те сұрайды… Ал Шығыс Қазақстан облысының билігін қарулы күшпен басып алу туралы ойы, өзінің айтуы бойынша, Казимирчук Мәскеуге келгеннен кейін пайда болған, сол үшін топ ұйымдастырады», — делінген ҚР ҰҚК таратқан ақпаратында.

Топтың негізгі бөлігі Ресей азаматтарынан және біреуі Молдова азаматынан құралды. Олар жақтастарын Өскемен қаласынан да табады. Бүлікшілер калибрі 5,45 мм болатын 270 патрон, Ф-1 гранатасы және Калашников автоматының 4 магазині сынды қаруларды Омбы қаласынан сатып алады. Пугачев «Омское время» газеті тілшілерінің төрт жалған куәлігін жасаған. Осы куәліктердің көмегімен ұйым мүшелері Өскемендегі облыс және қала әкімшіліктерінің, құқық қорғау органдары департаменттері мен басқармалардың орналасу мекенжайларын, әскери бөлімдердің орындарын, олардың жұмыс кестесі мен қарулануы бойынша нақты ақпаратты жинап, халықтан сауалнама жүргізеді. Ал сол уақытта облыстағы жағдай шынымен де тұрақтылық ауылынан алыс болған. Ірі және орта кәсіптің, облыстағы ұйымдардың төлем бойынша қарызы өте жоғары, орыстілді халықтың көптеп көшіп жатқан. Тұрақсыздық «өртінің» шығуына тек «сіріңке» жетпей тұрған. Отты осы Пугачев бастаған топ «жағуға» дайындалған.